Тойымсыздық – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Тойымсыздық» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1631
Мал бағып, нан таппаймын терек егіп,
дүниенің тегін нәрін келем еміп.
Араным ашылғандай тойымсызбын –
мен осы жүргем жоқ па кереленіп?
Тойымсыз құлқыныма жем түгендеп,
зар қағып, байлық қуып ентігем кеп.
Дөңбекшіп жер де жиі тулап жатыр,
аспаннан аяғыңды келтірем деп.
Дүние басы айналып тұр ма адасып,
шаң жұтып жатыр сұлық қыр да жасып.
Дәл менің аранымнан қорыққандай,
барады Жер бетінен су да қашып.
Билік пен баю болып алар үлгім,
мейрімсіз мансаптыны аға қылдым.
Баяғы ар мен ұят, адалдығым
құрбаны болды ашылған аранымның.
Білемін: мұның бәрі – жат арыма,
құдайдың қалам бір күн қаһарына.
Өзіме келмейді әлім. Түбі асылы
құлармын құлқынымның апанына.
1992


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тойымсыздық өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Тойымсыздық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тойымсыздық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тойымсыздық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері