Жолдан таю – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Жолдан таю» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1170
Кездейсоқ болған хандардан,
қарадан, жампоз жандардан,
желмаядай жортқан жалғаннан
әділдік іздеп шаршадым,
басылмай қойды аңсарым.
Қабырғаларды қарманып,
сызатты сәуле деп алданып,
сүрініп, сарсаң сандалып,
үмітімнен білтелі шам жағып,
дарияға кетті сан салым,
сөнуге таяу жан шамым.
Сөзіме, жалған, құлақ түр:
әділдік деген – сынап бір,
сырғытсаң, солай құлап түр.
Өзімшілдікке шұнақ құл,
қара басына келгенде,
әділдігі тайғақ баршаның.
Ақиқат үшін күресіп
жалғанмен, адам-шерменде,
жүргенмен табан тіресіп
өз жайың, қамың, мансабың
әділетке жолды берген бе?

1994


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жолдан таю өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Жолдан таю өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жолдан таю өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жолдан таю өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері