Сиқыр сөзбен арбасаң – Шәкәрім Құдайбердіұлы

Бұл бетте «Сиқыр сөзбен арбасаң» атты Шәкәрім Құдайбердіұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.11.2015
  • 0
  • 2
  • 16644
Сиқыр сөзбен арбасаң,
Табиғат басын иеді.
Кәрленіп кімді қарғасаң,
Қатесіз оғың тиеді.
Нұрыңды түгел жасырсаң,
Жаралыс кебін киеді.
Өлшемей шектен асырсаң,
Көз шағылып күйеді.
Өлшеп жібер нұрыңды,
Білсін асық түріңді.
Бір-бірлеп аш сырыңды,
Соныңды көңілің сүйеді.


Пікірлер (2)

Нұрсұлу

Неге сиқыр туралы мақалдар жоқ

Myrza

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сиқыр сөзбен арбасаң өлеңінің авторы кім?

Шәкәрім Құдайбердіұлы — осы өлеңнің авторы.

Сиқыр сөзбен арбасаң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сиқыр сөзбен арбасаң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәкәрім Құдайбердіұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сиқыр сөзбен арбасаң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері