Қаладағы өмір – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Қаладағы өмір» атты Фариза Оңғарсынова жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 18.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1968
Болмаса да самсаған тал-терегі,
кең болатын қазақтың арқа-жеңі.
Отын іздеп, су іздеп жүргенде де
даламыздай жанымыз дарқан еді.
Қонақты үйден қуаныш шарықтаған,
сол дәстүрден бұл күнде қалып барам.
Алақайлап жүгіріп бала біткен,
келіншектер аққудай қалықтаған.
Қонақ келсе, ырыс деп сабылатын,
өкпелейтін келмесе, сағынатын
күндерімді кім қайда ұрлап кетті
орнатқандай шуақты жаныма түн?
Енді бүгін қалада жан ұшпайды,
жат адамша сөйлейміз таныс жайлы.
Қырық ру боп онсыз да жүрген елдің
онан сайын арасы алыстайды.
Жерошағым тұрса да жеке маздап,
қонақ десе шаншады шекем аздап.
Қала үйінде кіржіңдеп күн кешеміз,
қонақсыз-ақ жынданып кете жаздап.
Қуанбаймын келсе де қымбатты адам,
мықтылармен теңмін деп құр мақтанам.
Тап-тұйнақтай тұрағым – тас сарай да,
жан дүнием – тулақтай күн қақтаған.
1996
***
Ұнамасам қайтейін, ұнамайын,
шашым жұлып шекпейім бұған уайым.
Біреулерді білгішсіп сынамайын,
жүрегімнен жас бұлап, жыламайын.
Менің көңілім онсыз да – құрақ көрпе,
көтере алман біреудің былағайын.
Қуалайын сағыныш-құралайын,
жасағаннан жұбаныш сұранайын,
күн бермесе қайтейін, күн бермесін
тағдыр деген көк долы құдағайым.
Сәмбіталды сескейді мына қайың,
пәктігіңді кешпейді бұл ағайын.
Ұнамасам қайтейін, ұнамайын.
Жырмен жуып шерімді шығарайын,
мәпелейін жырымды мұрадайын.
Маңғаз Махамбетінің басын кесіп,
құса қылған елміз ғой ұлы Абайын,
жыламайын мен де құр құламайын,
ойларымды өрейін, сыналайын –
сәулелі жан шам алып іздер мені,
өзі айырар пәктік пен күнә жайын.
1995


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаладағы өмір өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Қаладағы өмір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қаладағы өмір өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қаладағы өмір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері