Бәйтікті жамандағаны – Шөже Қаржаубайұлы

Бұл бетте «Бәйтікті жамандағаны» атты Шөже Қаржаубайұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.11.2015
  • 0
  • 0
  • 5209
Кім өлсе, соған түсер заманақыр,
Өлмесе, жол шетінде неғып жатыр?
Айраншы шешең күң деп естуші едім,
Түпсіз құл емес пе едің бауыры тақыр.
Сенің шешең айраншы,
Бүтін көйлек кимеген,
Аузына өкпе тимеген,
Бетін жумай, кір-кір боп,
Жылап өткен дүниеден...
Шапаны болған жамаулы,
Қайғыда өткен қаяулы.
Күні-түні таяқ жеп,
Көрмеген еді аяуды.
Көзінен жасы кеппеген,
Кет десе де кетпеген.
Жаман шолақ шапаны
Дізесіне жетпеген...
Бетін жумай ас берген,
Ер Қанайға қас келген.
Ел жайлауға көшкенде,
Далада сенің шешеңді
Ыстық күнге тастаған.
Саптыаяқтай қара күң
Ауылда ұрыс бастаған...
Басына шомыт жастаған.
Басына шомыт жастанып,
Қойшы менен қолаңға
Жатады екен бас салып.
Құдай пайда қылған соң,
Анаңның біттің қарнына.
Атаң Тілеуберді,
Қанай болған соң,
Арамнан, батыр, тусаң да,
Ақыры келдің орныңа...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бәйтікті жамандағаны өлеңінің авторы кім?

Шөже Қаржаубайұлы — осы өлеңнің авторы.

Бәйтікті жамандағаны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бәйтікті жамандағаны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөже Қаржаубайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бәйтікті жамандағаны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері