Ақшоқы кеші – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Ақшоқы кеші» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1909
Сол бір кеш Ақшоқының етегінде,
қимадым қоштасуға кетерімде.
Қалқыса аспанынан ән арылмай
көрікті болады екен дала мұндай!
Жұлдыздар жаудырайды маған қарап,
өзіңнің аймалаған жанарыңдай.
Жылдардың жырақтатып жаңбырларын,
жаныма сәуле құйды таң құндағым,
Тоғжанын аңсап өткен Абайдайын,
жүректе сағыныш боп қалдың, жаным!
Ақшоқы. Арман түндерім,
аруақты елім, жырлы елім.
Ән бе едің әппақ нұр ма едің.
Сол бір кеш, сол бір сезімдер
жанымды тербеп жүр менің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақшоқы кеші өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Ақшоқы кеші өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақшоқы кеші өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақшоқы кеші өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері