Адам құны – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Адам құны» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1705
Әкімдерге кіру де қиындады,
таусылмайды жүріс пен жиындары.
Шаршатады босаға баққандары-ақ,
адам емес, салпы ерін сиыр бәрі.
Шалқаяды айылын жимай бәрі,
сені адам деп сөйлеспей қинайды әрі.
Олар адамдықты емес, құнжыңдасып,
күнім түсер дегенді сыйлайды әлі.
Билік тисе харамға, арамға да,
әділ заман туар деп алаңдама.
Қымбат тілдей тышқанның терісі де,
жер бетінде құнсыз зат-адам ғана.
1995
***
Сиқырлап ақша-құзғын,
ойымыз жоқ ақшадан басқа біздің.
Арбап жанды сол сайқал, ұмыттырды
бәрін анам айтатын жақсы аңыздың.
Өзім де аш, қарызбын,
соны ойлаумен көзімнен жасты ағыздым.
Ақша десе араны ашылғандай
сәбидің де, кедейдің, патшаңыздың.
Жұрттан жылу жинайды қатындары,
ел байғұстан күй кетті – пақыр бәрі.
Кісілік пен тектілік жолдан тайып,
жұрттың бәрін ақша-қу тақымдады.
Ақша болса, батыр да, батыл бәрі,
қылмыс – ардың, киенің сатылғаны.
Ебін тапқан ептілер жұлып – тартып
қазынасын халқымның тақырлады.
Ақша десе құжынап бал араша,
қарар жан жоқ санаға, данаға аса.
Бұл не заман-Адалдық шарасыздан
ақша-арсыздың табанын тазаласа?
1998
* * *
Мансапты мен малдының,
әкім менен әлдінің,
жарамсақ пен жансыздың,
арамза мен арсыздың
бар заманда құлқы бір:
жағасы ақ та, ұрты кір.
Тойдыра алмай құлқынын,
жаны таппас бір тыным;
уәдеге бай, дәлелге
әр ауылда, әр елде
мұндайлардың бары рас:
сырты жылтыр, жаны лас,
Сызда қалған балықтай.
Күн кешеді тарықпай,
Қоғам содан сасыған.
Ал, халықтың жасы – қан.
Шірігеннің дауа-емі –
басын тазарт әуелі!
2000


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Адам құны өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Адам құны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Адам құны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Адам құны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері