Сағындым, аға, сізді – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Сағындым, аға, сізді» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.02.2022
  • 0
  • 0
  • 3300
Әди Шәріповтың рухына

Ардақты әке, асыл жар жанұяға,
сіздей адам болса ғой әр ұяда…
Біз қиналсақ, "қарағым" деуші едіңіз,
жүрмін Сізді сағынып, Әди аға!
Құйын-заман салуда тағы лаңын,
күзгі бұлттай қонады жаныма мұң.
Сәуле іздейді көңілім, Ағалардың
алақанын, мейрімін сағынамын.
Сан сұрақтар қаумалап қамалғанда,
тұңғиық боп көрінер дала, маң да.
Сирек тартып барады сондай сәтте
сүйеу болар бауыр да, ағалар да.
Тосатындай алдымнан жат аңғарлар,
қаулап өсіп келеді қатал жандар.
Жанашыры сиреген мынау елге
керек боп тұр дәл сіздей қаһармандар.
Еркін самғап шарлаған дала-түзді
құс сезуші ем өзімді қанаты ізгі.
Шақырмайтын секілді шырқауларым…
Шаршаудамын. Сағындым, аға, Сізді.
Сағындым, аға, Сізді…
1997


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сағындым, аға, сізді өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Сағындым, аға, сізді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сағындым, аға, сізді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сағындым, аға, сізді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері