Аңсау – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Аңсау» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1539
Қурай сазы сіңірген дала мұңын,
Жалаң аяқ, жамаулы балалығым!
Сенің үнің аспанға самғаушы еді,
шықпайды енді қарлығып қалада үнім.
Туған жерім қала емес, құм арасы,
құмның перзенттерінің жыр-анасы.
Қабаттары өзара ұғыспайтын
қала үйі де – Вавилон мұнарасы.
Жатақхана – тұрағым, үйім жылы,
артық мұнда адамнан бұйым құны.
Отын үйде, су үйде,
жаныңа тек
жетпейтіні даланың қиырлығы.
Жүгірмейді, жүреді ұлың жасып,
өз-өзіңнен үйіңде түрің қашып,
аяқты аңдып басасың ұрылардай,
сөйлесесің тұншыға сыбырласап.
Көршің жұқа жүйкеңді санап тұрып,
тарайды аяқ-табағын тарақ қылып.
Бейуақ үстіңдегілер би билейді,
біз өкшесін төбеңе қадап тұрып.
Тап тұйнақтай қала үйі қайда да үлгі,
мен іңкәрмін көк белге, сайға нулы.
Жазғырады мені жұрт жылайды деп,
қайтем жаным жоқтаса жайлауымды?!
1991


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аңсау өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Аңсау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аңсау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аңсау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері