Қыр келбеті – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Қыр келбеті» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1066
Сеңсең тон, саптама етік, түлкі тымақ,
тазы ертіп аңшы шықты, бүркітін ап.
Омбы қар. Қыстау маңы жайбарақат.
Қарайды айналаға Күн шытынап.
Жеңілдеу шыға қалсаң, құлақ бұрап
қоймайды аяз деген шұнақ құлақ.
Боз түтін бара жатыр боз аспанға
қырдағы көшкен елдей ұбап-шұбап.
Үй тыныш. Соғым семіз. Тұрмыс жайлы.
Қарғадан өзге қанат мұнда ұшпайды.
Жымыңдап жылтылдаған қардың беті
көз қарып, кіп-кішкентай Күнге ұқсайды.
Жас келін ертіп «кенже баланы» өрен,
бұралып су ағашпен барады әрең.
Ішікті төрт-бес адам қос ат жегіп,
сыдыртып келе жатыр шанаменен.
Тұрса да тас төбеде Күн шалқалап,
бояйды бетіңді аяз қылсаң тағат.
Жал-жая, қазы-қарта мұрын жарып,
қыста да қонақ күту – бір салтанат.
«Қыз көру» салтын сыйлар ел сүрініп,
көрсетпе баса-көктеп ерсі қылық.
Қыдырып сәлем бере келген болып,
күйеуге еріп бірер «елші» жігіт.
Қыр қысы кейде әуреге салсын ұлып,
ешқашан өшкен емес малшыда үміт.
…Сұр қоян, қызыл түлкі қанжығада
келеді белден түсіп аңшы жігіт.
1991


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыр келбеті өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Қыр келбеті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыр келбеті өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қыр келбеті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері