Ұлағат – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Ұлағат» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1554
Дүниенің болады өлшемі –
өлшеусіз нәрсе бар деме.
Керелендірер түбі ол сені –
араныңды ашпа әрнеге.
Улайды қарғыс көз-көре,
жебедей түзу жолы анық.
Жазықсыз жанды көздеме –
өзіңді түйрейді ол анық.
Жамандығың жұтқа істеген
кетпейді ауада жоғалып.
Сол қуат, сондай күшпенен
өзіңе келеді оралып.
Өлшеусіз болмас байлық та,
өлшеулі сөз де, пиғыл да.
Тегін берді деп май жұтпа:
ақ тілегіңді сый қылма.
Жақсылығың үшін жасаған
қарымына сыйлық дәметпе –
ниетсіз берген ас арам,
ішпе – түсесің әлекке.
Мақтама өзің өзіңді,
жұрт айтсын жақсылығыңды.
Өмірде дана сөз – үлгі,
әлемдей өмір ғұмыры.
1993


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұлағат өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Ұлағат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұлағат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұлағат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері