Сескену – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Сескену» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1340
Балалық кезім бүр атып,
түндерде қиял қамаған,
Өзін де, мені жұбатып,
ертегі айтатын жан анам.
Ертегі – жанымның жақыны,
өтетіндеймін мұң көрмей.
Қазақтың барлық батыры
біздің үйді қорғап жүргендей.
Екеуден-екеу қалғанда
(бұл күйді кештік жиі біз),
толатын аңыз жандарға
алтықанат ақбоз үйіміз.
Жалғыздығым еске түскенде,
жанымның көгін бұлт қамар.
Білмесем мұңнан не істерге,
жұбататын Баян, Құртқалар.
Бала болсам да сенделіп,
жабырқау күндерім өтетін.
Сонда Аяз, Төстіктер келіп,
ағаларым боп еркелететін.
Киіз үй. Іңір. Кешкі ертек.
Қиялды кезген бала арман.
"Жасқанба жаннан.
Сескен тек
Құдайдан қорықпағаннан",-
деп анам сөзін тәмәмдар,
біткесін аңыз, жырлары.
Тамырыңды тарпып, жан арбар
жұлдызды түндер қырдағы.
Ертегі, аңызбен кеңестім,
күйге ендім, толқып, не түрлі.
Жалғыз болсам да, мені ешкім
жасқай алмайтын секілді.
Қуат құйғандай жыр күші,
өтер жандаймын бас ұрмай –
Қарлыға қыздың сіңлісі,
Қамбардың қарындасындай.
Енді сирепті күлкім де,
жарқылсыз, бұлттай түйілем.
Білмеймін неге – бұл күнде
сескенетін болдым жиі мен.
1990


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сескену өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Сескену өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сескену өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сескену өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері