Баттың деп бекер зар-мұңға – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Баттың деп бекер зар-мұңға» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1048
Баттың деп бекер зар-мұңға
қиялыма менің таңданба:
қасқайып тұрып алдыңда
қаһарын төгер жан бар ма?
Қылышпен берер, келсе емін
айдаһар тектес арланға,
қаймықпай келіп:
«Мен сенің
жауыңмын!» – дейтін жан бар ма?
Дуылдап шулы жұрт тарап,
екеуден-екеу қалғанда,
көзіме менің тік қарап:
«Пасықсың!» – дейтін жан бар ма?
Қылмысқа батып мына мен,
қыспаққа халық салғанда,
«Бір күліп, бірге жылап ем,
құтқарам!» – дейтін жан бар ма?
Аңғалдығымнан құладым,
жаманатты болып жалғанға,
саңқ етіп жұртқа: «Бұларың –
қиянат!» – дейтін жан бар ма?
«Пәле ғой тұрған бұл бір»… - деп,
мұныма, достым, шамданба:
есікке қарап міңгірлеп,
күн көру жағын қамдан да!
1985


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Баттың деп бекер зар-мұңға өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Баттың деп бекер зар-мұңға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Баттың деп бекер зар-мұңға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Баттың деп бекер зар-мұңға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері