«Ондының» оты – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте ««Ондының» оты» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1657
Қиялды баурап қыр-арман, қызғалдақ - белге шақырдың. Көзімді аша алмай тұманнан, адасып келе жатырмын.
Қыр деген еркін кеңдікпен балауса шалғын деп білгем. Сезіммен жанды сергіткен қыр жаққа тартып кеттім мен.
Бұл жолда маған таң-ғашық шапағын тосып тұр деппін, жаңбыр мен тұман алмасып, адастырарын білмеппін.
Тұманды тылсым жан-жағым, қиналдым сонда дағдарып. Еске сап атар таң барын, көрінді бір нұр жап-жарық.
Жазда да ызғар болады-ау -малтыққандаймын карға мен. Тұманды серпіп сол алау шақырғандай ма таңды әлем..,
Сол отқа сүңгіп жанарым, сайрады қырда сұлу үн. Сезіндім сонда даланың мәңгілік Күндей жылуын!
1980


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

«Ондының» оты өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

«Ондының» оты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

«Ондының» оты өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

«Ондының» оты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері