Менің пірім, тірегім, тұғырым да – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Менің пірім, тірегім, тұғырым да» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1481
Менің пірім, тірегім, тұғырым да,
әшекейлі алқам да, бұрымым да,
қолдаушым да – жалғыз-ақ елім менің,
қастерлімнің бәрі бар бұл ұғымда.
Елдің сезім, сенімі…
Ғұмырда ешкім
қосып жеткізе алмайды мұны жырға.
Бұл ұғымда – қуатым, ғажап әнім,
күнге ұқсаған ып-ыстық таба наным;
бауырлардың сезімі, сенімдері
менің қамымды ойлайтын сан ағаның;
ел-дегенім – самалды Саумалкөлім,
тұнығында жүземін, таранамын.
Өз-өзімнен кей сәтте түңілемін,
мен дегенде бұзардай Күн реңін,
үйреніп ап «Мен жақсы» ариясын,
сұңқыл қағып шырқаймын мұны керім;
ұқпай қайдан жақсы боп туғанымды,
сіңірмесе бойыма нұрын елім;
сіңірмесе қаныма жақсылығын,
жайсаңдығын, тәтті әнін, ащы жырын;
көкірегіме кеңдігін сыйғызбасам,
қасиетке менің де тапшылығым!
Сенсіз биік қиялар қиял ғана,
менің асқақ діңгегім, бас тұғырым!
1982


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Менің пірім, тірегім, тұғырым да өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Менің пірім, тірегім, тұғырым да өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Менің пірім, тірегім, тұғырым да өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Менің пірім, тірегім, тұғырым да өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері