Мені пәк деп жүрсіңдер, таза жаны – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Мені пәк деп жүрсіңдер, таза жаны» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1445
Мені пәк деп жүрсіңдер, таза жаны,
ақ бұлақтай мөлдір деп ғажап әні.
Биліксіз жұрт, бас шайқап қоясыңдар
білмей жүр деп қадірін қазақ әлі.
(Ел елемей, жүр деуге дос ұға алмай
бір басымда жоқ әзір шошынар жай).
Қадірімді білгенде мен шіркінге
артық ақыл, даналық қосылардай.
Сене бермей жылауық жырға, сірә,
көз салыңдар ісіне, тұлғасына –
мен дегенің кәдімгі күнәһармын,
қылмысым көп жететін бір басыма.
Періштесіп, адалсып жүргеніммен,
созған болып қолымды Күнге күлген,
ой-баламның талайын тұншықтырып,
бүрісемін тышқандай інге кірген.
Ойларымды өлтіріп жанын құрттым,
содан қанға тойымсыз мәнімді ұқтым.
Оған куә жүрек пен арым ғана,
олардың да қаншама тауын жықтым!
Туғызуға ойымның жалқыларын
ұятсындым, қорықтым, қалтырадым.
Сәбилерін жерлеген ана сынды
жер бетінен жай таппай шарқ ұрамын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мені пәк деп жүрсіңдер, таза жаны өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Мені пәк деп жүрсіңдер, таза жаны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мені пәк деп жүрсіңдер, таза жаны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мені пәк деп жүрсіңдер, таза жаны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері