Атыңдар, ақ таңдарым, арайларым – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Атыңдар, ақ таңдарым, арайларым» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1338
Атыңдар, ақ таңдарым, арайларым,
арайдан үміт тұнған тарайды ағын.
Шашыңдар шуақтарды, кеуде-ұядан
қияға қанат қақсын сан ойларым!
Шыр еткен ойларым тең жас баламен,
ойларым жырдың нұрын шашса деп ем.
Адамдай, қажет екен оларға да
құндақ жер, күн шуақты аспан, әлем.
Алайда ә дегеннен шашпай жақұт,
шыңдайды перзенттерін, баптайды уақыт.
Кемесін жарға соққан жандар қанша,
өз орнын, өз бағасын таппай жатып.
Шыдамай мезгіл атты құйын-желге,
толқынын теңіз-өмір үйіргенде,
қанаты балаң ойдың қайырылып,
қаз басып қалуы да қиын жерде.
Шаш мәңгі шуағыңды, Күн қайнары!
Суарсын мейірімнің нұрлы аймағы.
Онсыз да қыран қанат қатайғанда,
шыңдардың дауылдары шыңдайды әлі!
Ойларым – елім, тілім, ар-намысым,
шығады солар үшін жан дауысым.
Қыран да қара жерден жылу алар
мәңгілік қияларға самғау үшін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Атыңдар, ақ таңдарым, арайларым өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Атыңдар, ақ таңдарым, арайларым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Атыңдар, ақ таңдарым, арайларым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Атыңдар, ақ таңдарым, арайларым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері