Сұңқар ғана сұңқарға серік болар – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Сұңқар ғана сұңқарға серік болар» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1373
Сұңқар ғана сұңқарға серік болар,
сонысымен сенімді, көрікті олар.
Бұл жалғанда қарға да қарғалармен
өлімтікке жапырлай келіп қонар.
Адамдар аз салатын арқаны кең,
пенделіктің шырмалып арқанымен,
қайтсем қолға билікті аламын деп,
өңешінен жұтқаны – жаңқа кілең.
Билік тимей жүргені – зәрлі, ашулы,
тырналардан өш алар қарға сынды
өңшең тобыр жиылып, бір-бірінің
жағасына қол салып, жармасулы.
Өмір кейде өзендей арнасы улы,
таба алмайсың нәр болар жанға суды.
Бір-бірінің қимылын аңдып, бағып,
топ-тобымен өзара арбасулы.
Бір-бірінен қызғанған Айдың нұрын
орталарда күн кешкен қайғымды ұғын.
Әлде түлкі тегіміз болғасын ба,
адамдардан естірек маймыл бүгін.
Сусыз жерде тамырлар семер де анық,
баса алмаудан шөлімді келем налып.
Озбырлар да, зұлым да жаза тартпас,
барлық тақсыреттерін шегер халық.
1983


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сұңқар ғана сұңқарға серік болар өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Сұңқар ғана сұңқарға серік болар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сұңқар ғана сұңқарға серік болар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сұңқар ғана сұңқарға серік болар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері