Неге – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Неге» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1864
Басқа ем атақ, беделім жоқ шағымда,
өзгеріппін жуғандай көк сабынға.
Жақсыларым жат болып бара жатыр,
дұшпаныма айналды достарым да.
Бүгін бәрі өзгерген: жолым, қамым,
жолдас-жорам, әдетім, сөз ырғағым.
Талайлардың ақ дәмін татып едім,
ұмытыппын бұл күнде соның бәрін.
Маужыраған, мас болған таңғы үмітке,
достым, менен баяғы әнді күтпе.
Бір дастарқан басында дәм татқандар
туыс болар десе де мәңгілікке.
Баяғыша болғанмен түрім, демім,
басқа әйтеуір бұл күнде үнім менің.
Жылы шырай күткенге қабақ түйіп,
жылуы жоқ жандарға күлімдедім.
Заман – айдын, адам – құл, ортаң – кеме.
Тіршілікте құландай жортам деме.
Жалғыз қалсам, жанымды зіл басады.
Кейде айнаға қарауға қорқам. Неге?
1990


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Неге өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Неге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Неге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Неге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері