Қызығу – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Қызығу» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1586
Үлгілі әке, басшы, жар –
сендей болуға жас құмар.
Майлы қасықтай мәніңе
жабыса алмайды ащы зар.
Майланған адам бас сұғар
тесік біткеннің бәріне:
ұнатады сені басшылар,
ұнайсың жасқа, кәріге.
Тіл қатсаң болды – тас сынар –
жетпей жүр саған тағы не?
Жақсы десе дөкей жақсылар,
сол ғана тірлік мәні ме?
Болса да кезім бақ сынар,
бара алмай жүрмін әріге.
Ерсем-ау заман әніне,
үлгі етер сенсің хас шынар.
Қырсықтар сіңген тәніме
ақыл сіңбейді, тас шығар?!
Құлқым жоқ жағар, жақсы ұғар,
сандалып жүрмін әлі де.
1990


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызығу өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Қызығу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қызығу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қызығу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері