Тақ маңы – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Тақ маңы» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 998
Бұл заманда билікті бақ деп білер,
шын бақыттың тұғыры тақ деп білер.
Айналасы жарамсақ тәуелділер,
ақ машина ат болар баптап мінер.
Тыныш әлем – тақ маңы – мақсатты жер,
еңселі емен есіктен асқақ кірер.
Тақ сөйлесе, иіліп,
тақ езуін
тарта қалса, бұл байғұс сақ-сақ күлер.
Бақ-дәулеттің сорпасы майлы келер,
қуаты мол Күн менен Айды бөгер.
Көзі шелді, жайы жоқ өзгелердің
басындағы қасірет-қайғыны елер.
Кіруге асық басшыға жарықтық ел,
бәрі иіліп қабағын бағып кірер.
Май жүректе лүпіл жоқ – кімнің адал,
кімнің арам екенін танып білер.
Биліктіде дос та көп, айран да көп,
соңын ойлап үңілмес жайларға көп.
Кісілігін, кімнің кім екенін де
біледі адам бастан бақ тайғанда тек.
1991


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тақ маңы өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Тақ маңы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тақ маңы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тақ маңы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері