Теңізде – тасқын, далам – сең – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Теңізде – тасқын, далам – сең» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 813
Теңізде – тасқын, далам – сең,
мүлгігенсиді шыңдар құр.
Қызығып көкке қараушы ем
тыныштық-ау деп тұнған бір.
Жайлы өмірді жалған жұтқан ба –
көгімде де жоқ тыныштық,
жұлқыласып жүр бұлттар да
найзағайларын қылыш қып.
Тыным жоқ аспан жақта түк,
жөңкиді бұлттар қара, ала.
Табанымды тайғанақтатып
әлде Жер көшіп бара ма?
Тойымсыз көздей құлқыным,
мейірімді жалмап шер-жебір.
Болмады-ау Жерде бір тыным,
тыншымай қойдым мен де бір.
Дүниеден көшкен нұр сырғып,
қантөгіс әрбір жүректе.
Әрбір кеудеде – күншілдік,
әр досқа деген бір өкпе.
Дүрбелең ғұмыр кешкесін
қонақтамайды ырыс-құт,
Жерімнен тыным көшкесін
жанымнан көшті тыныштық.
Соңым – шөл, алда – бір нүкте -
тамұқтың табалдырығы.
Жетті ме Өмір - жүйрікке
ақырзаманның құрығы?
1990


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Теңізде – тасқын, далам – сең өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Теңізде – тасқын, далам – сең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Теңізде – тасқын, далам – сең өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Теңізде – тасқын, далам – сең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері