Мына кештің ғажабы-ай – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Мына кештің ғажабы-ай» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1194
Мына кештің ғажабы-ай,
Сарыарқаның кештері.
Көк аспанның ажары – Ай
жұлдыздарды екшеді.
Баурап қырдың жамалы,
тұрмын көзімді ала-алмай.
Күн қырындап барады
көңілі қалған адамдай.
Мазасыздық таптаған
жаным бүгін саябыр.
Тыныштық бер, пәк далам,
мені де сәл ая бір!
Ая, кештер, ая, қыр,-
сабырыңнан бер маған.
Жылытады сая нұр,
аман болса кең далам.
Бір бұлақтар басталып,
бір кеуделер гүл атты.
Кетті менен жас тамып
ұстағандай мұратты.
Әйел деген – бір адам:
қарап тұрып ұнаған,
жұбанса жа жылаған,
қуанса да жылаған.
1984


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мына кештің ғажабы-ай өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Мына кештің ғажабы-ай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мына кештің ғажабы-ай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мына кештің ғажабы-ай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері