Айналғандай дүние тас тұғырға – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Айналғандай дүние тас тұғырға» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 974
Айналғандай дүние тас тұғырға,
таса қалып бас мұрат, басты мұра,
көлбең көлеңкесіне айналғанда
адамдар да,-
елемей сынның бәрін,
талқандайтын теңсіздік шынжырларын
қажет болды бір дауыл бұл ғаламға.
Неше заман ұялап мұң жанарға,
жүректерді ыза-кек тырнағанда,
тақсырларға тағдыры тәуелді боп,
күн өткерген бірегей тұлғалар да,
жалаң төспен бет алып сын-қамалға,
ерлер сонда бастаған бір дабылды.
Күрескерлер – тарихта тұлға нұрлы,
айырбастап алапат сынға мұңды,
тұңғиықтың түбінен жарық аңсап,
бас көтерген алғашқы ұлдар – үлгі –
аршыр болсаң тастардан құндығыңды,
құрбандыққа ғұмырды,
санаңды арна!
Жерде майдан- тіршілік, заман барда,
жету үшін жұмақтай таң-арманға,
тау-талаптар тайпалып, тоқым тозып,
төгілер жас, тамшылап тамар қан да –
Исатайлар секілді құрбан болмай,
ешбір жеңіс келмейді адамдарға!
1982


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айналғандай дүние тас тұғырға өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Айналғандай дүние тас тұғырға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айналғандай дүние тас тұғырға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айналғандай дүние тас тұғырға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері