Мәңгі шар шыжғырады – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Мәңгі шар шыжғырады» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1008
Мәңгі шар шыжғырады,
көздейді сор даланы.
Таппайсың сыз – жыраны,
жансыздай шөл жамалы.
Кең дала – тас керең де,
көк аспан от кекілді –
бұлардан басқа әлемде
құдірет жоқ секілді.
Жортасың «Волгаменен»,
шыңырау құдықты іздеп.
Шөл қысып, сонда денең
көңілден үмітті үзбек.
«Су!» – дейсің жан-жағыңа,
аңсауың бір арылмай,
қол жетпес арманыңа
басылмас құмарыңдай.
Жатқандай мүлгіп тәні
қурай саз, күйші дала.
Жалғыз-ақ тірлік нәрі –
жусанның иісі ғана!
1977


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мәңгі шар шыжғырады өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Мәңгі шар шыжғырады өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мәңгі шар шыжғырады өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мәңгі шар шыжғырады өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері