Іңір. Дала – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Іңір. Дала» атты Фариза Оңғарсынова жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1800
Іңір. Дала.
Жұмылып
ыстық күннің жанары, көкжиекке тығылып, нұр кірпігін қамады.
Сыбырлайды көк қияқ, сүйіп қырдың самалы. Сатырлаған от тұяқ дүбірлетті даланы.
Жылқы үрікті белдегі, тағыланған ел көрмей. Ертегінің ерлері ел қорғауға келгендей.
Қырға шығып қарт сонда, әдетіндей талайғы, жылқы қуған жастарға, масаттана қарайды.
Жайбарақат құмда әлі, жампоз кәрі, жастар да. Жылқылы үйдің қырдағы түтіні тұр аспанда!
1977


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Іңір. Дала өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Іңір. Дала өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Іңір. Дала өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Іңір. Дала өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері