Тақырды таптап тандыр күн – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Тақырды таптап тандыр күн» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1091
Тақырды таптап тандыр күн, жатқанда шөлі бір қанбай, тас емшек болған тағдырдың, тамшы суы да тұр тамбай.
Денесі мәңгі шөлдерден шатынап кеткен шарт сынып. Таусылмас тылсым көргенмен, табиғатта да - тапшылык.
Теңіздер - жердің жанары, тірлікке біткен бақ, мұрат, толқындар кетіп барады шөлдерге қарай шапқылап.
Толқынның жасыл жастығын сыйлауға шаңдақ көн жерге кеудесін сорған ащы күн тақырға толқын төнгенде,
жағалау-жартас бас салды, желкесін жерге қаптырып. Төзімнен тозған тастарды қорғасын толкын жатты ұрып.
1977


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тақырды таптап тандыр күн өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Тақырды таптап тандыр күн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тақырды таптап тандыр күн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тақырды таптап тандыр күн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері