Ағаштардан әр тайып – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Ағаштардан әр тайып» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1528
Ағаштардан әр тайып
сидаң тартқан жағалай.
Күні жетпей қартайып.
күйік көрген анадай.
Құстар сайрап салмайды ән,
көктем нұрын сезінбей.
Жапырақтар сарғайған
жылдар жуған сезімдей.
Жерден озған сән, шырай,
жел үстемдік құрады,
қасқыр алған аңшыдай
желпілдейді тұмағы.
Аспанда да жоқ тыным:
бұлт - тасқындар тоғысып,
түгескендей оттығын
оқ-қарусыз соғысып.
Бұлт аспанда, жел жерде,
күз. Ызғырық тұр ұлып.
Алдырмайтын сеңдерге
тек біздегі жылылық.
1977


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ағаштардан әр тайып өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Ағаштардан әр тайып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ағаштардан әр тайып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ағаштардан әр тайып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері