Сәуірдегі шуақ-ай – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Сәуірдегі шуақ-ай» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1343
Сәуірдегі шуақ-ай,
сағымы ойнап, күн күлер.
Көзі жанып шырадай
шырт ұйқыдан тұрды Жер.
Сары даланың сәні ме
тыржалаңаш құба шың –
төңіректің бәріне
еміреніп тұрасың.
Таудан, талдан, тақырдан,
естіледі күй түрлі.
Өзін-өзі шақырған
көкектер де сүйкімді.
Шың қойнауы – тұнба сыр:
іші – шуақ, сырты – жел;
үңілсе де бір ғасыр,
ұға алмайды құлқын ел.
Шуақ - жанға шашу да,
барлық әуен нәр үндей.
Өмірің де басында
үмітке бай сәуірдей.
1977


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сәуірдегі шуақ-ай өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Сәуірдегі шуақ-ай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сәуірдегі шуақ-ай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сәуірдегі шуақ-ай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері