Тауқымет – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Тауқымет» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1472
Күн көрудің қиыны-ай,
көз тартқанмен гүл-өңір.
Айрандайын ұйымай,
іріп жатқан бір өмір.
Тамағына тапқаны
жетпей жүрген бір адам.
Жайлы өмірдің шатқалы –
жеткізбейтін бір алаң.
Байығандар әлі де
байи түссем деп әуре.
Балалардың бәріне
үй берсем деп мен әуре.
Шырқыраумен күн шығып,
шырылдаумен күн батты.
Тауқыметтен тұншығып,
жойдық талай қымбатты.
Өмір деген білгенге
азаптарадан тұрады.
Сөйтіп жүріп, бір демде
сөнер тірлік шырағы.
1991


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тауқымет өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Тауқымет өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тауқымет өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тауқымет өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері