Бақша - біздің үйіміз – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Бақша - біздің үйіміз» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 3506
Бала бақша көрінді,
келіп қалдық, міне, біз.
Бақшамызда көңілді,
ән саламыз, күлеміз.
Жалықпаймыз мұнда түк,
әткеншек те тебеміз.
Тақпақтарды зулатып,
би де билеп береміз.
Апай әнді бастайды,
қосыламыз басқамыз.
Ешкім мұнан қашпайды,
үйіміз ғой — бақшамыз.
1976


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері