Жібек бақшаға бармаған күн – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Жібек бақшаға бармаған күн» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1421
-Көке, тоңып барамын…
-Шыда, қазір жетеміз ғой, қарағым.
-Бүгін үйде қаламын?!
-Бақшасына баруы керек баланың.

… Сыр шертісіп келеді.
Қыстың аппақ желегі
желбіреген басында
дірілдейді терегі.
Аяз деген әзілкеш
қытықтайды денені.
Ертеменен тұрып ап,
қала шылым шегеді.
Машиналар сырғанап,
жолда шаңғы тебеді.
Адам біткен жарысып,
автобусқа мінеді.
Балалары жанында
бұлталаңдап ереді.
Ал қараңыз мынаған:
өтіп жатқан жүз адам
кең көшенің бойында
құлап жатыр бір адам.
"Тұра алмаймын, қарағым…
сынды білем бұғанам…"
Тапты әкесі бір ебін:
сұрамастан "кім едің",
тастай салып Жібегін,
тоқтатты әрең дегенде
таксилердің біреуін.
Түсінікті ар жағы:
әлгі ағаны салғалы
емханаға барғаны,
телефоны жоқ екен,
үйін де іздеп шарлады.
Көкесінің жанында
Жібек жүрді, қалмады.
Бақшаға да бармады.
Көкесінің жұмыстан
жақсы болды қалғаны!
1984


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жібек бақшаға бармаған күн өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Жібек бақшаға бармаған күн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жібек бақшаға бармаған күн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жібек бақшаға бармаған күн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері