Көктемде – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Көктемде» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 6096
1
Көп сағынған көктем келді,
Нұр орады көк пен жерді.
Бала сағым жүгіреді,
гүлмен ойнап бөктердегі.
Қаз-үйректің таныс әні
ерке өзенмен табысады.
Бір-бірінен күле қашып
ақ толқындар алысады.
Терек, қайың жымыңдасып,
самал желмен тұр ымдасып.
Жапырақтар тербеледі,
бір-бірімен сыбырласып.
Гүл жамылған өлкедегі
бұталар да ән төгеді.
Қырлардағы қызғалдақтай
көктем неткен көркем еді!

2
Біздің шалқар бай даланы,
тау, орманды, сай, жағаны
мені сүйген анашымдай
күн шуағы аймалады.
Ағаш біткен құлпырады,
тау, далада гүл тұнады.
Еркелеген бөбектердей
өзендер де бұлқынады.
Міне, осылай баршалары
көктемені қарсы алады.
Дала жайнап, гүл атады,
құстар сайрап, ән салады.
1975


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктемде өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Көктемде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктемде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көктемде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері