Сужүрек – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Сужүрек» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1445
Нағашымның баласы –
Айдар келді қаладан.
Үлкенсуін қарашы –
отыр үйде манадан!
Мақтанып ем достарға
"Туысқаным келді!" — деп.
Барлық бала тосқанда,
ойнамайды енді кеп…
Апасының қасынан
шықпай қойды екі елі.
Мен тыпырлап асығам:
достар күліп кетеді.
Шықпай қойды далаға,
бұғып қорқақ баладай.
Мен барғанда қалаға,
кетеді өзі қарамай.
Аттамайды бір адым,
әкесімен тұрады.
Маңырап еді лағым,
"Жылай ма?"— деп сұрады.
Бұзау көрсе, сасады:
"Мынау мені қуды!" — деп.
Қозыдан да қашады,
бұл не қылған сужүрек?!
1976


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сужүрек өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Сужүрек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сужүрек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сужүрек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері