Мұнай теңізі – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Мұнай теңізі» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.02.2022
  • 0
  • 1
  • 5445
Кең даланың астында
Ғажап теңіз бар екен.
Жер бетіне тасқындап
Бір шығуға зар екен.
Мұнай-теңіз сол екен,
Қасиеті оның мол екен.
Сонау дала төрінен
жанады екен от болып.
Ракета да сонымен
зулайды екен оқ болып.
Онсыз бәрі тұрады,
мотор істен шығады.
Ойыншық та сендерге
жасалады мұнайдан.
Егін өсер жерлер де
сол арқылы тыңайған.
Мұнай-теңіз сол екен,
қасиеті оның мол екен.
1980


Пікірлер (1)

Жарас жақсылық

Өте керемет өлен екен

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мұнай теңізі өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Мұнай теңізі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мұнай теңізі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мұнай теңізі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері