Батырлардың ұрпағымын – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Батырлардың ұрпағымын» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.02.2022
  • 0
  • 0
  • 2506
Күресте өсіп қайсар бабам
қиындықтан тайсалмаған,
Жасқа қамқор, еліне — үлгі,
терең ойлы, байсалды адам –
мен атамның шырағымын.
Жастық шақта жалындаған,
қайталаған әнін далам,
қала салып, Айға аттанып,
мұхиттарда дамылдаған –
ер әкенің ұланымын.
Мен әзірше жас баламын,
алдымда әлі бақ-талабым,
аталарға тартып туған
ұланмын деп мақтанамын.
Ел аялар сұңқар ұлын –
батырлардың ұрпағымын!
1977


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Батырлардың ұрпағымын өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Батырлардың ұрпағымын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Батырлардың ұрпағымын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Батырлардың ұрпағымын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері