Әніңді ме, білмеймін, өзіңді ме – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Әніңді ме, білмеймін, өзіңді ме» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1123
Елжіретіп жанымды дірілдеген
сенің әнің сақталды жүрегімде.
Алыстасың, амал не, бүгін менен –
сағынсам да, қайтейін, жүремін де…
Ән аңсамай жүретін, пәлі, мен бе –
естіп жүрмін талайын сен кеткелі:
әншіден бе болмаса әнінен бе –
жүрегімді бірі де тербетпеді.
Сабырлылық күшті ғой деп жүр едім,
жеңеді екен сағыныш төзімді де.
Аңсағандай, әйтеуір, жан-жүрегім
әніңде ме, білмеймін, өзіңді ме…
1965


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әніңді ме, білмеймін, өзіңді ме өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Әніңді ме, білмеймін, өзіңді ме өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әніңді ме, білмеймін, өзіңді ме өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әніңді ме, білмеймін, өзіңді ме өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері