Сені іздедім – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Сені іздедім» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.03.2022
  • 0
  • 0
  • 2049
Жанымда сен жүргенде
дүниеден табылғандай ең керегім,
шаттықтың толқынында тербелемін.
Адамдар армандайтын бақыт деген
сен бе дедім.
Қайырмасы:
Өзіңменен
жүрегім егіз менің,
төзім жеген
түндерде көз ілмедім,
жаңартау — сезімдерім,
теңіз — демім,
жанымнан сені іздедім,
жаным-ау, сені іздедім!
Жәннаттай көрінгенмен,
жайлауда сән болмайды ел қонбаса,
жардың да қызығы жоқ тең болмаса.
Өмірден бар сұлулық көшетіндей
жанымда сен болмасаң.
Қайырмасы.
1976


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сені іздедім өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Сені іздедім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сені іздедім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сені іздедім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері