Қаракөз айым – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Қаракөз айым» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.03.2022
  • 0
  • 0
  • 2283
Армандай ақ сезімнен жаралдың ба,
аққудай айдындағы тарандың да,
боранды Жаңатасты жадыратып,
жарқ еттің Шолпанымдай таң алдында!
Қайырмасы:
Қаракөз — арман ақ Айым,
сүйсініп саған қарайын,
мақтан ғып жүрсін өзіңді
алыс пен жақын ағайын,
ұлы бар барлық қазаққа
үлгі болғайсың, жан Айым,
Қаракөзжан айналайын!
Әрдайым ұяласын жаныңа ақ күн,
жұртыңды мінезіңмен жадыратқын.
Бағы бол, шаттығы бол, Қаракөзім,
осынау қасиетті шаңырақтың!
Қайырмасы:
Қаракөз — арман ақ Айым,
сүйсініп саған қарайын,
мақтан ғып жүрсін өзіңді
алыс пен жақын ағайын,
ұлы бар барлық қазаққа
үлгі болғайсың, жан Айым,
Қаракөзжан айналайын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаракөз айым өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Қаракөз айым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қаракөз айым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қаракөз айым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері