Жүрегім — жүрегіңде – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Жүрегім — жүрегіңде» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.03.2022
  • 0
  • 0
  • 2749
Өзіңмен кездескенде
жүрегім ән салады.
Дәл сендей жерде еш пенде
жоқ дейді таң самалы.
Қайырмасы:
Жанарым — жанарыңа
жіпсіз-ақ байланады.
Жүрегім — жүрегіңде,
сезбеймін айналаны…
Көзіме жан көрінбей,
Абай мен Әйгерімдей…
Өзіңе бағындырдың,
жаным құрбым!
Арылып қанша мұңнан,
көңілім ән-армандай.
Бір жылу саусағыңнан
бойыма таралғандай.
Қайырмасы.
Осы кеш, осы демің
жалғасын бал ғұмырды.
Өзіңе тосып ерін,
тапсырам тағдырымды.
1995


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүрегім — жүрегіңде өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Жүрегім — жүрегіңде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүрегім — жүрегіңде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүрегім — жүрегіңде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері