Жүрегім — жүрегіңде – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Жүрегім — жүрегіңде» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.03.2022
  • 0
  • 0
  • 2988
Өзіңмен кездескенде
жүрегім ән салады.
Дәл сендей жерде еш пенде
жоқ дейді таң самалы.
Қайырмасы:
Жанарым — жанарыңа
жіпсіз-ақ байланады.
Жүрегім — жүрегіңде,
сезбеймін айналаны…
Көзіме жан көрінбей,
Абай мен Әйгерімдей…
Өзіңе бағындырдың,
жаным құрбым!
Арылып қанша мұңнан,
көңілім ән-армандай.
Бір жылу саусағыңнан
бойыма таралғандай.
Қайырмасы.
Осы кеш, осы демің
жалғасын бал ғұмырды.
Өзіңе тосып ерін,
тапсырам тағдырымды.
1995


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері