Жылойға сәлем – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Жылойға сәлем» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.03.2022
  • 0
  • 0
  • 3340
Қыз көркем шашбау, айна, тарағымен,
ұл көркем батыр мінез, талабымен.
Айта бар, барсаң, сәлем Кең Жылойға
тербеткен мені сезім — самалымен.
Қайырмасы:
Көңілімде Күн ойнады,
көктемнің гүл айдары
елестеп, күрсінгенде.
Аман-сау жүрсіңдер ме,
жақсылар Жылойдағы?!
Ағалар құшақ жайып қарсы алатын,
думан қып бауырларым ән салатын…
Айта бар, барсаң, сәлем Кең Жылойға,
сағындым сол күндердің әр сағатын.
Қайырмасы.
Қайран ел талай бейнет, сынақ көрген,
өсіріп ұл мен қызын мұрат көрген.
Айта бар, барсаң, сәлем Кең Жылойға
жаныма ақ тілегі қуат берген.
Қайырмасы.
1998


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жылойға сәлем өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Жылойға сәлем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жылойға сәлем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жылойға сәлем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері