Көңіл назы – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Көңіл назы» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.03.2022
  • 0
  • 0
  • 2550
Жүрегіңде бір зіл бар үндемедің,
мұнар жауып көзіңнің нұр желегін.
Тым болмаса айтсаңшы — біреуде ме,
тағдырда ма, менде ме — кімде кегің.
Қайырмасы:
Телефоны құрғырың үндемеді,
оятпады мазалап түнде мені.
Шырт ұйқыдан тұрғызып сүйіктім кеп
Қалқатайым, кетеміз, жүр демеді, жүр демеді.
Әлде батып кетті ме сөзім менің,
әлде сенше жоқ па еді өзіңде мін.
Бұрынғыдай жарқ етіп қарамайсың,
түсіне алмай түнімен көз ілмедім.
Қайырмасы.
Сен де ұқпадың, жаныма үңілмедің,
тіл табудың таба алмай жүрім бе ебін…
Жүрегімді саған да жая алмасам,
бекер екен өзгеден түңілгенім.
1973


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көңіл назы өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Көңіл назы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көңіл назы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көңіл назы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері