Дауыл – Хамит Ерғалиев

Бұл бетте «Дауыл» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.03.2022
  • 0
  • 0
  • 1115
Біздер тудық қалада,
Біздер тудық ауылда;
Көшелерде, далада
Жүрдік талай дауылда.
Кім дауылдан қорқады?
Кім дауылда ойнайды?
Кімдер қобыз тартады?
Кім тапжылмай ойлайды?
Қаңбақ қорқып дауылдан,
Қалбаң-қалбаң қашады.
Қыран шырқап тауынан,
Желге төсін ашады.
Бағаналар сымдары
Қобыз сазын ойнайды,
Mүciншiнiң сұңқары
Тапжылмастан ойлайды.
Жаны тыныш тапқанда
Кім дауылды аңсаған?
Кім сыбызғы тартқанда,
Бас шұлғиды кім соған?
Тал тамыры нығыз-ды,
Дауылда тек мүлгиді
Қурай тартса сыбызғы,
Шөптер басын шұлғиды.
Су толқындап,
үнемі
Сусылдайды боз қамыс...
Дауылды бiз білеміз,
Дауыл деген — қозғалыс.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері