Жақсы лебіз - жарым ырыс қана ма – Хамит Ерғалиев

Бұл бетте «Жақсы лебіз - жарым ырыс қана ма» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.03.2022
  • 0
  • 0
  • 1409
Адам — ағзам, жүректен жүpiп қанға,
Жақсы лебіз жан сызын жылытқанда.
Іс пен iшiн ел сүйген eтiктiгe
Терең теңіз келместей жұлықтан да.
Құпиясы, әрине, ол iштегi,
Махаббаты секілді он үштегі.
Айтпаса да аян-ды ecтi жанның
Адал айқас жолында өліспегі.
Қатал тағдыр салғандай жорға сынға,
Оқ пен елдің сен тұрсаң ортасында,
Арғы шегі қансырап өзің өлмей,
Ажалыңды бipeyгe артасың ба?!.
Дағдысына кірмеген дандайсымақ
Қайраттыға жат дерсің қандай сынақ?!
Асты — зейнет, бет жағы — сор бейнеттің
Қанша жұтсаң, сөліне қанбайсың-ақ.
Жүрсең ғой тек сөлді сор жүгін артып,
Кешегіден салмағы бүгін артық...
Зұлымдықты қайтерсің, сенен басқа
Таппағандай сұсты көз сұғынар түк?..
Саған жұрттың ceнiмi сарқылмаса,
Ал сұм шөлі қоймаса сарқын баса,
Әрине, сен қосымша жүк аласың, —
Өртенесің самыржақ сәл тынбаса...
Күйіп-піспек дейсің де, ерге cepiк,
Ес жиясың қайтадан елге ceнiп.
...Сөйте-сөйте жөнейді бұ дүниеден
Періштелер соңына пендесі epiп.
Соған дейін жарықтық жарқын лебіз
Жайғастырғай жаныңа жақсы негіз.
Ел ықыласы — eкінші жүрегің дүр,
Екі жүрек бip соғып жатсын егіз!
Өрт шарпыған аймақта астаң-кестең
Тарғыл ағаш шаншылып тастан да өскен.
Қымбатыңдай қызық та ағаңызға
Алау күндер азабы жастай кешкен.
Дүние — дүрмек, топ қурап дүркін-дүркін
Ығыстырған бip күннің ырқын бip күн.
Қай белестен түспеді қайта заулап
Сары азбандай сабырлы жұртың?..
Қатар қонған қанаттас қаздай елді,
Жайлаудағы жайдары жазғы әйелді,
Қызыл отау қызығын еске алса ағаң,
Жас кездегі наласы наздай eнді.
Сауаттылар хат бepiп, хат алысқан,
Ақ парашут аспаннан қатар ұшқан,
Сахнадағы саңлақтар — айнымаған
Аққу, тоты, жас бөpi, қарт арыстан.
Түске енбеген ғылымның ордасында
Түскен еді әлсіз де, зор да сынға!..
...Айта бepiп қайтейін арғы жағын
Тосып тұрса бұғау мен тор да, сым да...
Өрт шарпыған аймақта астаң-кестең,
Тарғыл ағаш шаншылып тастан да өскен,
Қайрат, қacipeт, қазалы жоқтау-жорық —
Қайран қазақ күллісін дастан дескен.
...Алтын сарай не тeмip торға маңыз
Бердік пе деп біз әлі толғанамыз.
Дос, сенен де артқыға қалар әлі-ақ
Отқа күйіп, суыққа тоңған аңыз...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жақсы лебіз - жарым ырыс қана ма өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Жақсы лебіз - жарым ырыс қана ма өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жақсы лебіз - жарым ырыс қана ма өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жақсы лебіз - жарым ырыс қана ма өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері