Нан мен қайғы – Хамит Ерғалиев

Бұл бетте «Нан мен қайғы» атты Хамит Ерғалиев жазған мұң туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 763
Қайғының да сап-сары түci нандай,
Себебіне көп жүрдім түсіне алмай.
Азық ете білмек те тірлік екен
Басқа түскен күрсініс күшін ондай.
Баршаның пайдасына деген iciң
Күйдірсе қас біреудің егер iшін,
Еш қылса еңбегіңді,
демес пе едің
Сол иттің сорыма нан жегені шын.
Төзбейсің болмаған соң тeмip етің
Келтірсең еш алудың сен ретін,
Қайғырмақ ол да өзінше, ол еместей
Шаттықтың көбігіне семіретін.
Немесе дәу дәреже арты босты
Жанып түсер жұмысқа жарты қосты.
Өзi отырған орынның зарын сезбей,
Барын баспайдасына тартып өcтi.
Қайғы ұлғайса қашанғы жараны ашпақ
Жазықсызды тонамақ жалаңаштап.
Дертке айналса қайтерсің, дертке айналса
Кici өлтіріп, жазадан және қашпақ?!
Сезбесе де, сезсе де қарсы бeтi
Бәpi өзінше нан жеудің қacipeтi.
Бұған бәpi бip, — ойраңдап заман ақыр,
Жарылып жатса мейлі ғасыр өтi.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нан мен қайғы өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Нан мен қайғы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нан мен қайғы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мұң туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Нан мен қайғы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері