Өлең, жыр, ақындар

Шуағымды жандарға төксем деймін

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 31.03.2022
  • 0
  • 0
  • 1068
Шуағымды жандарға төксем деймін,
Тамыр жаяр дәнімді ексем деймін.
Жапырағым жайқалар бәйтеректей,
Сол жасқа, Сол бір жасқа жетсем деймін.
Шартарап, Елді кезіп кетсем деймін,
Жел болып, Жер жаһанды өпсем деймін.
Адасар жұмбағы көп құпиялы
Сол жасқа, Сол бір жасқа жетсем деймін.
Өмірде армандаумен өтсем деймін,
Ғасырлық жүкті арқаға жексем деймін.
Бір Аллам, өзі қолдап, демеп мені,
Сол жасқа, Сол бір жасқа жетсем деймін.
Көзіме оттай ыстық, қымбат ғалам,
Жатқандай тылсым дүние, тыңдап далам.
Сол бір жас,Бір мен үшін құпиялы,
Сол бір жас, Бір мен үшін жұмбақ маған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шуағымды жандарға төксем деймін өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Шуағымды жандарға төксем деймін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Шуағымды жандарға төксем деймін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шуағымды жандарға төксем деймін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері