Өлең, жыр, ақындар

Тағдырым – қыз...

  • 02.12.2015
  • 0
  • 1
  • 4990
Тағдырым – қыз,
Ән-жырым – Сіз
Қашанда.
Өле-өлгенше,
Көлеңкемдей тасамда.
Ой киесі,
Той иесі –
Өлеңім.
Жырақтасыз,
Жылатпа, күз
Көнемін.
Табанымнан
Қабағыма
Өтіп сыз.
Жыр жазсын деп,
Қырды асып тек
Кетіпсіз.
Күзгі салқын,
Сізге жақын
Жұтыңыз!
Тетем қалып,
Жетем анық
Күтіңіз!



Пікірлер (1)

Канат

Керемет жазасыз оленди

Пікір қалдырыңыз

Көз жасыммен моншақ-жыр жаздырасың

  • 0
  • 0

Қарашаның кеші, айы, таңы атады,
Қайғыларды еріксіз күлген жығар.
Өзімді-өзім сонда да жұбатамын,
Мен сүйген жан бір жерде жүрген шығар.

Толық

Бәрі сенің қолыңда

  • 0
  • 0

Шырынына шабыттың жұбанғаным,
Дүниенің сиқырын ұға алмадым,
Бәрі сенің қолыңда білесің бе
Өлеңім де, күлгенім, қуанғаным.

Толық

Алатау қарайды бақсыдай

  • 0
  • 0

Алатау қарайды бақсыдай,
Ғасырлық кеудесін қар баса.
Өмірге келгенім жақсы ғой,
Бітірген ісім жоқ далбаса.

Толық

Қарап көріңіз