Бір дертім бар – Диас Диасик

Бұл бетте «Бір дертім бар» атты Диас Диасик жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бір дертім бар бойымда
Көтермейтін көкке қарай жамбасты
Өз өзіме бал ашып ем шұбарланған шабытпен
Он шақты күн кешіктіріп Астананы қар басты
Он күн бойы тұла бойды қою қара қан басты
Билегендей биігімді билік құмар албасты

Бірін дос деп санасам
Көкірегіміз көпір болып ұласты
Алыстардан сағынышпен ашушы едім құлашты
Баз біреуі ілігер деп қиялдарда құрасты
Көріскенде көктем болып қуаныштан жыласты
Ал шынында көзім жетті ,қараңғы екен тым асты


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар