Мәңгі шар шыжғырады
Бұл бетте «Мәңгі шар шыжғырады» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мәңгі шар шыжғырады,
көздейді сор даланы.
Таппайсың сыз – жыраны,
жансыздай шөл жамалы.
Кең дала – тас керең де,
көк аспан от кекілді –
бұлардан басқа әлемде
құдірет жоқ секілді.
Жортасың «Волгаменен»,
шыңырау құдықты іздеп.
Шөл қысып, сонда денең
көңілден үмітті үзбек.
«Су!» – дейсің жан-жағыңа,
аңсауың бір арылмай,
қол жетпес арманыңа
басылмас құмарыңдай.
Жатқандай мүлгіп тәні
қурай саз, күйші дала.
Жалғыз-ақ тірлік нәрі –
жусанның иісі ғана!
1977
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі